НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Судьялардың жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы - үлкен міндет. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау бағытына тоқталған Мемлекет басшысы, «Сот - заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан судьялар жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы - бұл үлкен міндет», - деп атап өтті.
Осы орайда Президент судьялар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату қажет екендігіне ерекше тоқталды.
«Сот әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті - халықтың сеніміне ие болу», - деді Қ. Тоқаев.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.