«Денсаулық сақтау, білім мен көмірсутегі құрамы аз технологиялар, ғылым мен экология ерекше назарды талап етеді. Басқаша айтқанда, біз экономиканы халыққа бұруымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Мемлекет басшысы осы ретте қаражат тиімді жұмсалуы керектігін ескертті.
«Күмәнді стратегиялар мен бағдарламаларға қаражат пен күшті бағыттауға қақымыз жоқ. Ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылымдық реформаларды қолға алатын уақыт келді», - деді ол.