Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
«Мемлекеттербасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ ҚазақстанПрезидентінің биылғы күзге жоспарланған Бішкекке сапарының аясында қазақ-қырғызқатынастарын одан әрі арттыруға бағытталған алдағы өзара іс-қимылдардыталқылады», делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз халқынабейбітшілік, тыныштық және береке тіледі.
Айта кетерлігі, бұған дейін Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуалды Қырғыз Республикасының ішкішаруасы деп есептейтіндігін және жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенетіндігін жеткізген еді.
Ескесалайық, кеше Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетініңарнайы жасағы елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты Қой-Таш ауылындағыүйінде ұстау операциясын жүргізгені хабарланды.
Кейін атыс болғаны мәлім етіліп, Шуоблыстық ІІББ-нің жедел тергеу тобы милицияға түскен қоңырау бойынша оқиғаорнына аттанды. Солжерде 45адам зардап шеккен. Түнгі сағат 03:00-дегі жағдай бойынша, оларБішкек қаласы мен Шу облыстық біріккен ауруханаларына түрлі жарақатпенжеткізілген.
Айта кетсек, бұған дейінЖогорку Кенеш елдің экс-президентінен қол сұқпаушылық мәртебесін алып тастаутуралы шешім қабылдаған болатын. Атамбаевқа қатысты депутаттар тарапынантағылған айыптарды зерттеу бойынша арнайы депутаттық комиссия құрылды. Комиссияжұмысының нәтижесінде оған 6 эпизод бойынша айып тағу шешімі қабылданды. АлайдаБас прокуратура комиссияның жұмысын заң тұрғысынан бағалай келе, тек бесэпизодты қалдырды.