Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы жағдайды мұқият бақылап отыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«ҚазақстанПрезиденті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекетбасшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы депесептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңыаясында шешілетініне үміттенеді», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегіпарақшасында.

Еске салайық, кеше Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайыжасағы елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты Қой-Таш ауылындағы үйінде ұстау операциясын жүргізгені хабарланды.

Кейін атыс болғаны мәлім етіліп, Шу облыстық ІІББ-нің жедел тергеу тобымилицияға түскен қоңырау бойынша оқиғаорнына аттанды.

Сол жерде 45 адам зардапшеккен. Түнгі сағат 03:00-дегі жағдай бойынша, олар Бішкек қаласы мен Шуоблыстық біріккен ауруханаларына түрлі жарақатпен жеткізілген.

Айтакетсек, бұған дейін Жогорку Кенеш елдің экс-президентінен қол сұқпаушылықмәртебесін алып тастау туралы шешім қабылдаған болатын. Атамбаевқа қатыстыдепутаттар тарапынан тағылған айыптарды зерттеу бойынша арнайы депутаттықкомиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесінде оған 6 эпизод бойынша айыптағу шешімі қабылданды. Алайда Бас прокуратура комиссияның жұмысын заңтұрғысынан бағалай келе, тек бес эпизодты қалдырды.

Соңғы жаңалықтар