Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу метросындағы апаттан зардап шеккендерге көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter әлеуметтің желісіндегі жеке парақшасында Мәскеу метрополитенінде болған пойыз апатына байланысты көңіл айтты.

«Мәскеу метросындағы апаттан зардап шеккендер, қаза болғандар мен жараланғандардың қайғысына ортақпыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.