Қасым-Жомарт Тоқаев: Мұғалім жалақысы 2 есе өседі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысы 2 есеге өседі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Тамыз конференциясында Үкіметке осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педагогжүктемесін қысқартатын, кәсібіне сайемес қызметтерге тартуға тыйым салатын шектеу қою, шектен тыс есептілік пен негізсізтексерулерді шектеу дербес қаралады. Мұғалімдердің еңбекақысы базалық лауазымдық жалақы арқылы есептеледі. Сол себепті елдегі 500 мың педагогайлығының елеулі мөлшерде өскенін сезіне алмай отыр. Мұны тура айту керек», -деген Мемлекет басшысы ұстаздардың қазіргі еңбекақысына көңілі толмайтынынжеткізді.

«Мұғалімдердіңеңбекақысы ең төменгі айлықтардың бірі болып тұр. Экономикадағы орташаеңбекақының 65 пайызын ғана құрайды. Әрине, мұнымен келіспейміз. Сондықтан Үкіметке білім жүйесіне біліктімамандар тарту мақсатында және педагогтардың мәртебесін көтеру үшінмұғалімдердің еңбекақысын 4 жылдыңішінде 2 есеге арттыруды тапсырамын», - деді Президент.

Еске салсақ,Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңқатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Тамызконференциясында ағылшын тілін оқыту қай сыныптардан басталатынын айтты.

Конференция барысында Мемлекет басшысыбарлық педагогтардың еңбек демалысы 56 күн болатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар