«Мен Үкіметтің назарын азық-түлік бағасының күрт өсуіне жол бермеуге аударғым келеді. Біріншіден, бұл халық көп тұтынатын нан мен ет өнімдеріне қатысты. 22 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 8,8% -ды құрады, ал Алматыда бұл көрсеткіш 10% -ға жетті. Азық-түлік бағасының өсу фактісі экономикамыздың осалдығының айқын көрсеткіші екенін мойындау керек. Мәселен, осы ахуалды сыртқы нарықтардағы конъюнктурамен байланыстыру орынсыз», - деді Мемлекет басшысы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте.
Президент Үкімет экономикалық өсімнің жаңа нүктелерін құру бойынша қосымша шаралар әзірлегенін атап өтті.
«Қазір бұл шараларды жедел іске асыру қажет. Әйтпесе, бізде күрделі проблемаларға тап боламыз. Экономиканы әртараптандыру саясаты ары қарай жалғасуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.