«Бүгін жұмыс сапарымен Түркістан облысы және Шымкент қаласында болдым. Онда жұртшылық өкілдерімен жоспарларымды бөлістім. Алда атқаратын қыруар жұмыс тұр. Сабақтастықты сақтау, әділеттілікті қолдау және ілгерілеуді қамтамасыз ету - ең басты міндетіміз», - деп жазды Мемлекет басшысы Твитердегі парақшасында.
Айта кетейік, Қ.Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесу барысында әкімдерге имидждік іс-шараларды азайту туралы тапсырма беріп, әкімдердің жылына бір рет халыққа есеп беру кездесулері көзбояушылық екенін ашық айтты. Ал Шымкентке сапарында Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына Shymkent City қалашығы мен әуежайдың жаңадан салынатын терминалының, сондай-ақ, цитадель Қошқар ата өзенінің бойы және «Тұран» шағынауданының жобалары ұсынылды.