Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өндірушіден аяқ киім сатып алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев қазақстандық өндірушіден аяқ киім сатып алды. Бұл туралы ҚР Президенті өзінің twitter-дегі парақшасында жазды.

«Айқын» қарапайым еңбек адамдарын үнемі насихаттайды. Жақында етік тігетінжас кәсіпкер туралы жақсы сұхбат жарияланды. Отандық өнімді қолдау мақсатындамен де бір аяқ киімін сатып алдым. Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуғадеген көзқарас орнығуы тиіс»,-деп жазды Мемлекет басшысы.


Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев сөз етіп отырған сұхбат республикалық «Айқын»басылымында «Елімізде етікші тапшы» деген тақырыппен жарияланды. Онда Shoes Republic аяқкиім фабрикасының басшысы ДәуренРаманқұл өзінің кәсіпкерлік қызметі, оған келу жолы және кәсіпкерлікті дамытубойынша елде қалыптасқан жағдайға қатысты ой-пікірлерімен бөліскен.

Соңғы жаңалықтар