Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен кездесу үшін Шымкент қаласына барды

Фото: Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкент қаласына келді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Кездесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылады.


Соңғы жаңалықтар