«Ұзақ уақыт бойы өңір жұртшылығы спорттың олимпиадалық түрлерінен толыққанды жаттығулар жасау үшін көпбейінді мұз сарайын салу мәселесін көтеріп келеді. Жаңа чемпиондарды тәрбиелеу үшін заманауи спорттық инфрақұрылым қажет. Сондықтан, Павлодарда осындай нысанды салу мүмкіндігін пысықтау қажет. Спортты, оның ішінде балалар мен бұқаралық спортты дамыту – мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып саналады», - деді Мемлекет басшысы Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуі барысында.
Фото:wikipedia.org