Сенат Төрағасы Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның былтырғы жылы жазда Қазақстанға сапарының маңызы ерекше болғанын атап өтті. Оның Президент Н.Назарбаевпен келіссөздері екі елдің сауда-экономикалық және саяси салалардағы ынтымақтастығының сапалық тұрғыда арта түсуіне негіз қалады. Осыған байланысты Қ.Тоқаев екі ел парламенттері арасында екіжақты негізде, сондай-ақ ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы аясында байланыстарды одан әрі дамыту жайында айтты.
Жүздесу кезінде халықаралық жағдай туралы пікір алмасылды. К.Браун Украинадағы өрістей түскен шиеленістердің жалғасуына алаңдаушылық білдірді. Қ.Тоқаев халықаралық жағдай үшін ұзаққа созылған зардаптарымен елеулі мәселеге айналған украин дағдарысынан шығу жолдарын іздеудегі Президент Н.Назарбаевтың белсенді күш-жігеріне британ елшісінің назарын аударды.