«3 сәуірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Бұл - Қ.Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы шетелдік сапары болмақ. Сапар бағдарламасының негізгі тармағы РФ Презиенті В.Путинмен арадағы келіссөздерге арналады», - деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, екі ел көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өңірлік әрі халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды.
«Сапар аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған», - деді А.Смадияров.