Қасым-Жомарт Тоқаев: Пікір әртүрлі - халық біртұтас

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тілшілердің сауалына орай сайлау күніндегі заңсыз шерулерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің тарапымнан құқық қорғау органдарына сайлау қарсаңында барынша ұстамдылық таныту туралы тапсырма берілді және шерулер кезінде олар мұны жасады да. Алдағы уақытта да олар өздерін дәл осылай ұстайтын болады», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы әрбір азаматтың пікірін білдіруге құқы бар екендігін айтып, бұл орайда өзара іс-әрекеттер конструктивті диалог форматында болуы тиістігін ескертті.

«Азаматтар тарапынан айтылған наразылықтарға қатысты айтар болсам, онда диалог форматын түбегейлі түрде ұсынуы тиіс деп санаймын. Мен Қоғамдық сенім комитеті құрылатындығын бұған дейін айттым. Оның құрамына біздің қоғамның түрлі топтарының өкілдері кіреді және онда біз пікір алмаса аламыз. Менің түбегейлі ұстанымым: түрлі пікірлер бола алады, бірақ, бізде ұлт біртұтас. Пікір әртүрлі - халық біртұтас»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.