Қасым-Жомарт Тоқаев Polpharma компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев польшалық Polpharma компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Польшалық Polpharma компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старак Қазақстанда дәрі-дәрмек шығару жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру туралы ақпарат берді. Бұл компания еліміздегі фармацевтика саласының дамуына айтарлықтай үлес қосуда», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.