«Бүгін біз жаңа Премьер-Министрді тағайындағанымызды атап өткім келеді. Бірқатар нақты тапырма жүктелді. Премьер-Министрге үш аптаның ішінде Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Оны ақпан айының басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарайтын боламыз», - деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.
13:19, 11 Қаңтар 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.