Қасым-Жомарт Тоқаев «Радуга» ЖШС-ның өндірістік әлеуетімен танысты
20:20, 17 Қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті «Радуга» ЖШС-ның өндірістік әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы өңірге жұмыс сапары барысында металл пластикалық өнімдер шығаратын «Радуга» зауытына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өндірістік цехтар таныстырылды. Президентке компанияның жұмысы туралы мәлімет беріліп, шығаратын өнімдері көрсетілді.
Кәсіпорын директоры Дмитрий Шарапаев зауытта 1,5 мың адам жұмыс істейтінін, өнімнің 500-ден астам түрі шығарылатынын айтты. Компания шығаратын өнімдер еліміздің барлық аймақтарына жөнелтіледі, сондай-ақ, Ресейдің ірі қалаларына да экспортталады.