Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.
Осыған дейін Мемлекет басшысының Ресейге және Францияға ресми сапармен баратынын хабарлаған болатынбыз.