«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қайта салдыруына қатысты маған көптеген сұрақ келіп жатыр. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Президент халыққа қолжетімді екпелердің бірін салдыратын болады»,-делінген хабарламада.
12:54, 25 Желтоқсан 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев ревакцинациядан келесі жылдың қаңтар айында өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.