«Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр.
Өзбекстанда Президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді», - делінген ұсынылған хабарламада.
Еске салайық, 7 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі жөнінде әңгімелескен болатын.
Осыған дейін Самарқанд облысы ішкі істер департаменті 14-17 қыркүйекте ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты Өзбекстан тұрғындары мен қонақтарына Самарқанд қаласына сапарды кейінге шегеруді ұсынған еді.