Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ӨзбекстанПрезиденті Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбекхалқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президенттер екі ел ынтымақтастығының қазіргіжағдайы мен келешегін, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірдеӨзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізгенуағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Мемлекет басшысы Өзбекстанмен көпжақты байланыстардыкеңейтуге мүдделілік танытты.

Айта кетерлігі, Шавкат Миромонович Мирзиёев бүгін 62 жасқатолды. Ол 1957 жылы 24 шілдеде ӨзбекстанныңЖизақ облысында дүниеге келген. Айта кетерлігі, Шавкат Мирзиёев 2016 жылы сайлауда жеңіскежетіп, сол жылы 14 желтоқсанда Өзбекстан Президенті қызметіне кіріскен болатын.


Соңғы жаңалықтар