Қасым-Жомарт Тоқаев штабы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті
Жиында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ерқанат Манжуов кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - азаматтық қоғамды дамыту екенін атап өтті. Ол үкіметтік емес сектор билік пен халық арасында диалог орнатуға көмектесетінін айтып, бағдарламада айтылған бірқатар мәселелерді сөз етті.
Кездесуде сөз алған облыстық қоғамдық штаб мүшесі Гүлсін Орынбаева Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік саяси аренадағы беделі туралы әңгімеледі. Жиын соңында барлық қоғам белсенділері #Birge акциясына жолданатын ұсыныстар мен тілектерін жазып қалдырды.
Осындай іс-шаралар Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында да өткізілді. Осылайша, аймақтардағы қоғам белсенділері кандидаттың сайлмауалды бағдарламасын талқылап, #Birge жалпыұлттық акциясына да белсене қатысты.