Кездесу барысында штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды платформасын түсіндірді.
«Біздің мақсатымыз - транзиттік уақытта сайлау процесін қалыпты өткізу. Мынадай бейбіт заманда бізге саяси тұрақтылық керек. Саяси тұрақтылықтың ең биік деңгейін көрсетейік», - деді қалалық штаб басшысы Рахман Алшанов.
Жиын барысында үгіт-насихат тобы үміткердің сайлауалды бағыттары туралы түсіндіріп, жұмысшылардың талап-тілегін тыңдады.
Айта кету керек, Қазақстанда 11 мамырдан бастап ҚР Президенттігіне үміткерлердің үгіт-насихат науқаны басталды. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 8 маусым 00:00-ге дейін жалғасады.