«Халықаралық қарым-қатынастардың транфсормациясы көпжақты сипатта біріге түсудің жаңа әрі нақты қағидаттарын талап етеді. ШЫҰ басты міндеті - сенімді, диалогты нығайтып, қауіпсіздік мен ынтымақтастықты қамту үшін қарым-қатынасты күшейту болып қала бермек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес отырысында.
Оның айтуына қарағанда, Еуразияның негізгі көпжақты құрылымдарымен толықформатты қарым-қатынасты ретке келтіріп, кеңейте түсу жолымен ШЫҰ-ның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру керек.
Еске сала кетсек, Бішкектегі отырыста Қырғыз Президенті Сооранбай Жээнбеков Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі органын құру керектігін атап өткен еді.
Отырыста Шанхай ынтымақтастық ұйымына 2019-2020 жылдар аралығында Ресей төраға болатыны хабарланды.