Қасым-Жомарт Тоқаев: Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс
14:40, 05 Маусым 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter -дегі парақшасында жазды.
«Бүгін Дүниежүзілік қоршаған орта күні. Биыл бұл шара биологиялық алуан түрлілікті сақтауға арналып отыр. Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс», - делінген желіде.