«Біз шағын құрамда мұнан арғы ынтымақтастығымыздың ең өзекті мәселелері бойынша нәтижелі пікір алмастық, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын дамытудың басты басымдықтарын белгіледік», - деді Мемлекет басшысы кеңейтілген құрамдағы отырыста.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ТМД-ның коронавирус пандемиясынан кейінгі жүзбе-жүз форматтағы алғашқы толыққанды саммиті екенін атап өтті.
«Түптеп келгенде, бұл – біздің елордамызда тағы да жүздескен қуанышты оқиға», - деді ҚР Президенті.