Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстанның ұлттықтеатрларының жай-күйі, кинематография саласының жағдайы туралы мәлімет берілді.
Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстан Президентіне өңірлеріндегітеатрлардың шығармашылық жағдайы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнеракадемиясындағы жас мамандарды дайындау барысы және басқа да мәселелер туралыбаяндады.
Сонымен қатар,кездесуде Қазақстанның театр қайраткерлері одағының мәртебесін арттыру мәселесіде сөз болды.
Қасым-ЖомартТоқаев театр және кино өнері еліміздің мәдени-рухани дамуында айрықша рөлатқаратынына назар аударды. Сондықтан, осы салалардың дамуына ерекше көңілбөліп, әрдайым қолдау білдіретінін атап өтті.