Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне Омикрон вирусынан тезірек сауығып кетуін тіледі
11:01, 06 Ақпан 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен оның жұбайына коронавирус инфекциясынан тезірек сауығып кетуін тіледі.
« Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен оның жұбайының Омикрон вирусынан тезірек сауығып кетуін тілеймін», - деп жазды Мемлекет басшысы.