«Белгілі әртіс Тұрсынбек Қабатов мектеп бағдарламасына домбыра үйрену сабақтарын енгізуді ұсынды. Факультатив ретінде енгізуді қолдаймын», - деп жазды сенатор Тоқаев Твиттердегі парақшасында.
19:09, 11 Желтоқсан 2017
Қасым-Жомарт Тоқаев Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысына қолдау білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев танымал әртіс Тұрсынбек Қабатовтың домбыра үйірмесі туралы ұсынысына қолдау білдірді. Бұл туралы Сенат спикері Твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.