«Қоғамда жиі айтылып жүрген тағы бір мәселе – шекаралас аймақтарды дамыту. Бұл тақырыпты Ұлттық кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров көтерген болатын. Соңғы кезде шекара бойындағы елді мекендерде халық саны азайып бара жатқаны жасырын емес. Мұның өзіндік себептері бар. Бірақ, шекара маңын бос қалдыруға болмайды. Бұл ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысы бар мәселе. Оны жүйелі түрде шешу қажет. Қомақты қаражат керек болады. Үкіметке мұны жан-жақты қарастырып, шекаралас аймақтарды дамыту жөніндегі ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
17:15, 16 Қараша 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шекаралас аймақтарды дамыту жөніндегі ұсыныс енгізуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шекаралас аймақтарды дамыту жөніндегі ұсыныс енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.