«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында кеңес мүшелері алмастырылды. Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткерлері келді. Кеңестің бұрынғы мүшелеріне белсенді жұмыстары үшін ризашылығымды білдіремін»,-деп жазды Президент.
Осыған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына ротация жасалғандығы туралы хабарланған болатын.