Қасым-Жомарт Тоқаев: Жағымпаздарды жақтырмаймын

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маған ешкім жағымпазданбайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Білесізбе... Маған ешкім жағымпазданбайды. Бәлкім, мен ондайды ұнатпайтын болғандықтаншығар. Ұнатпау былай тұрсын, ашығын айтсам ондайды жақтырмаймын. Қазірдің өзінде жағынуға тырысып жатқандарбар. Мәселен, Өзбекстанға сапарлап барып қайтқаннан кейін «Тамаша!», «Мұндай ешуақытта болмаған», «Кескін-келбетіміз керемет болды!» деген сияқты сөздер айтылды», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жағымпаздықпен айтылған сөздердіелемеуге тырысатындығын, оған жауапбермейтіндігін атап өтті.

«Естімегенадамдай өте шығамын. Өйткені, бұл мақтау сөздердің көк тиындық құны жоқ. Еңбасты сыншы - өзім. Қай жерде жарқырай алмағанымды білемін. Тіпті қаталсыншымын деуге болады», -деді ҚР Президенті.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгіліресейлік журналист Алексей Пивоваровқа берген сұхбатының негізінде «Президент 2.0»деректі фильмі көрсетілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.