Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жас маман» жобасының да баяу жүзеге асып жатқаны алаңдатады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аталмыш жобаны іске қосу үшін Президент Үкіметке нақты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Техникалық жәнекәсіптік білім беру саласы қай бағытта қозғалып бара жатқанын түсінген абзал.«Жас маман» жобасының да баяу қадаммен жүзеге асып жатқаны алаңдатады. Аталғанжобаны іске асыру механизмі толық жүргізілмеген. Мамандықтар тізімібекітілмеген. Аталған жобаны іске қосу үшін Үкімет бұл ретте тиісті шаралардықабылдауы тиіс. Нақты мерзімдерді атап, нақты әрекет алгоритмдерін ұсынуыкерек», - деді Президент.

Еске сала кетсек,елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Жиында Мемлекет басшысы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есе өсетіндігін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар