Қасым-Жомарт Тоқаевты Эмманюэль Макрон Елисей сарайында қарсы алды
14:12, 29 Қараша 2022
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевты Франция Президенті Эмманюэль Макрон Елисей сарайында қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Рәсімнен кейін мемлекеттер басшыларының екіжақты келіссөзі басталды.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Францияға ресми сапармен барғанын жазған болатынбыз.
Видеодан алынған кадр