Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау штабы қалай жұмыс істейді
14:30, 06 Қараша 2022
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық штабының жұмысы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың мәлімдеуінше кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау штабы заманауи және көпфункционалды.
Елордада орталық штабтан бөлек, ел аймақтарында өңірлік штабтар жұмыс істеп жатыр.
Одан бөлек, Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық штабы сайлау барысын бақылайтын 30 мыңнан астам байқаушы даярлайды.