Қатар басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы президент сайлауындағы айқын жеңісімен және Президентті ұлықтау рәсімінің сәтті өтуімен құттықтады.
Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Шейх Тәмим Әл-Тәни Мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары қызметі қазақ халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, екіжақты ықпалдастықты одан әрі пәрменді түрде жалғастыруға ниетті екенін айтты.