Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңде оқыған кездегі суреттері жарық көрді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңде оқып жүрген кезінде түскен суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл роликте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1983 жылы Бейжіңлингвистикалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтіп жүрген кездетүсірілген сирек фотосуреттері ұсынылған. Университет оқытушысы Лю Шициньөзінің жеке мұрағатында сақталған бірегей фотосуреттермен бөлісіпті», деп жаздыол Facebook-тегі парақшасында.

Фотосуреттерден құралған бейнероликте Бейжің лингвистикалық университетініңоқытушысы Лю Шицинь студент Қ.Тоқаев туралы естелік айтады.

«Таңғалатын жайт. Бірақ, сол кездегі дәрістердің бірінен суретсақталыпты... Әңгімеге әуес, белсенді еді. Ол аз уақытта үздік шәкірттердіңбіріне айналды. Оған газет оқып, ойын ашық айту ұнайтын. Жан-жақты білімді, өтебайсалды болды. Бұл қасиеттер оған бүгінгі биіктерді бағындыруға көмектесті», -дейді Лю Шицинь.


Соңғы жаңалықтар