Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы басталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазақстанПрезидентінің қатысумен өтіп жатқан шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнанастам мұғалім келген. Педагогтар конференция барысында білімді жаңғырту бойыншаәдістемелік ұсыныстар әзірлеп, білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту аясындаоны дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын болады. Сонымен қатар мұғалімдербілім сапасын арттыру және тәлім-тәрбие басымдықтары негізінде білім беружүйесін жаңғыртудың проблемалы мәселелері мен келешегін талқылайды.

Жиын аясындаотандық білімді дамытудағы ерен еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатарпедагог «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін»,«Шапағат» медальдарымен, ҚР Президентінің алғыс хатымен,«Ы.Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»төсбелгісімен марапатталады.

Айта кетерлігі,2019-2020 оқу жылында 4, 9 және 10 сынып оқушылары жаңартылған мектепбағдарламасына көшеді. Сонымен қатар биыл 10 сынып оқушылары «Кәсіпкерлік пенбизнес негіздері» пәнін оқи бастайды. Білім және ғылым министрлігініңмәліметінше, оқушылардың бұл пәнді оқуы оларға болашақта мамандық таңдауынасептігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар