Борт №1 телеграм каналы Президенттің форумда сөйлеген сөзінің толық видеосын жариялады.
Айта кетсек, бүгін елордада кезектен тыс Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумы өтті.
«Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе», - деді Президент аталған форумда.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын жария ететіндігін айтты.