Видеоны Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында бөлісті.
Айта кетейік, Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан салынған «Халық Арена» спорт кешені мен қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.