Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Президент сапарының соңғы күні туралы бейнеролик жариялады.
Бейнешолуды әзірлеген - ҚР Президентінің телерадиокешені.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте өткен БҰҰ бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлеген болатын.
БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президенті Румен Радевпен, Польша Президенті Анджей Дудамен, Грузия Президенті Саломе Зурабишвилимен, Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.