Айта кетейік, Қарағанды облысына жұмыс сапарынан соң Президент Павлодар облысын сапарлады.
Павлодар облысында ол жергілікті тұрғындармен жүздесіп, өңірдің экономикасы, жетістіктері мен болашақта атқарылуы тиіс жұмыстар жөнінде баяндады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанның өркендеуіне үлес қосқан бірқатар Павлодар тұрғынын марапаттады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының ұстаздар қауымымен кездесіп, бала оқыту жолындағы өлшеусіз еңбектері үшін ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ Президент Павлодар алюминий зауытына барып, зауыт жұмысымен танысып, кәсіпорынның жұмысшыларымен кездесті.
Фото:t.me/bort_01