АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды.
Режеп Тайип Ердоған ұлықтау рәсіміне арнайы келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты.
Айта кетейік, бұл сапарға дейін ҚР Президенті сайлауда жеңіске жеткен Режеп Тайип Ердоғанды құттықтап, Қазақстанға шақырған болатын.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.