Шеруге қатысушылар Каталония жалауларын желбіретіп, дауыс беруге ынталы екендерін көрсетті.
Британиядан тәуелсіздігін алу үшін 18 қыркүйек күні референдум өткізгелі отырған Шотландияның мысалы каталондықтарға серпін берді. Осыған байланысты, жергілікті билік 9 қарашада референдум өткізуді қалайды. Алайда, Испания билігі бұл әрекеттер заңсыз екенін ескертіп отыр. Каталония - Испанияның дамыған аймақтарының бірі. Онда тәуелсіздік жариялау туралы ұсыныстар көптен бері айтылып келеді.