Декларацияны 85 адам қолдады, 41-і қарсы болды, екі депутат қалыс қалды.
Тәуелсіздікті аймақтағы "Конвергенция және Одақ» блогы және Солшыл республикалық партия қолдады. Каталондық социалистер мен бүкіл Испаниядағы биліктегі Халықтық партия қарсы шықты. Декларация шартты түрде қабылданған, ол Барселона мен Мадридтегі орталық үкімет арасындағы текетіресті өршіте түседі. Билік Каталонияның тәуелсіздікке қатысты барлық бастамаларына тұсау салмақ.
Қоғамдық пікір сауалдамалары тәуелсіздікті жариялау мәселесінде каталондықтардың дауысы екіге жарылып тұрғанын көрсетеді. Сонымен қатар егер тәуелсіздік ЕО-дан шығуды білдірсе, провинция тұрғындары оны қолдамайды.
Каталониядағы сеператистік көңіл-күй бірнеше ғасырға созылып келеді. Соңғы жылдары Барселона Испаниядан қаржы дағдарысына байланысты бөліну мүмкіндігін белсене мәлімдеп жүр. Каталония Испанияның жоғары дамыған провинцияларының бірі, ол Испания жалпы ішкі өнімінің 20 пайызын береді.