2010 жылдан бері Испанияның бұл бөлігін басқарған Артур Мастың қызметтен кетуіне елдегі «Ұлттық үміткерлер бірлігі» партиясы мен «Бәріміз біргеміз» партияларының арасындағы келіспеушілік себеп болған. Каталонияның тәуелсіздігін қолдайтын қос партия коалиция басшысын таңдау кезінде өзара таласып қалған. Дегенмен ішінара алакөздікке қарамастан, олар өткен жылдың қарашасында Испаниядан бөліну бастамасын көтерген. Ал Мадрид болса, бұған қарсы екендерін бірден-ақ кесіп айтты, деп хабарлайды 24.kz.
16:13, 10 Қаңтар 2016
Каталония президенті отставкаға кететінін мәлімдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каталония басшысы Артур Мас өзінің биліктен кететінін мәлімдеді. Оның ойынша, енді бұл орынға Жирон Карлес Пучдемон келуі мүмкін.