Жаңбырлы күнге қарамастан, ең көп адам жиналған шеру Барселона қаласында өтті. Каталония туы түстес жейделер киген шерушілер «Дауыс бергіміз келеді, бізге демократия қажет!» деген ұран көтерді. Каталония Ұлттық ассамблеясы қоғамдық қозғалысының президенті Карме Форкаделл жиналғандар алдына шығып сөз сөйледі: «Ештеңеге қарамастан 9 қараша күні біз дауыс беретін боламыз. Мұны көпшілік талап етіп отыр», - деді ол.
05:22, 01 Қазан 2014
Каталонияда 10 мыңдаған адам наразылық шеруіне қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Католониялық қалалардың әкімдік ғимараттары алдында 9 қарашада халықтық сауалнама өткізу туралы жарлықты Испания Конституциялық сотының тоқтауына байланысты 10 мыңдаған адамдар наразылық шеруге шықты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.