АСТАНА. ҚазАқпарат - Хорватиялық қақпашы Доминик Ливакович пенальти сериясында сэйв жасау жөнінен рекордтық көрсеткішті қайталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Доминик Ливакович футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионаты 1/4 финалда Бразилия құрамасымен кездесуде ойын соңындағы пенальти тебуде Родригоның соққысын қайтарды. Ал 1/8 финалда Жапония ойыншылары соққысына қарсы 3 сэйв жасады.
Осылайша ол бір турнир барысында 4 сэйв жасаған қақпашылар қатарына қосылды.
Айта кетсек, бұдан бұрын мұндай мүмкіндікке екі қақпашы ие болған еді. 1990 жылы аргентиналық Серхио Гойкочеа мен 2018 жылы Хорватии Даниель Субашич осындай көрсеткішімен көзге түсті.
Еске салсақ, Хорватия құрамасы Бразилияны пенальтиден жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Фото: championat.com
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.