АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнен кейін екі футболшы қақпасына гол жіберген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазірге дейін әртүрлі құрама сапында 40 қақпашы жасыл алаңға шығып үлгерді.
Оның арасынан бразилиялық Адисон Бекер екі кездесуде өз қақпасын голдан аман сақтаса, марокколық Мунир Мохамеди бір ойында дәл сондай нәтижені қайталады.
Ал Коста-Риканың қақпашысы Кейлор Навас үш ойында өз қақпасынан 11 гол алып шықты.
Аталған құрама Испаниядан 0:7, Германиядан 2:4 есебімен жеңілсе, Жапонияны 1:0 есебімен тізе бүктірді. Өз тобында үш ұпаймен төртінші орынды қанағат тұтты.
Еске салсақ, бұдан бұрын Бельгия қақпашысы Тибо Куртуа ұлттық құрама сапындағы 100-ші ойынын өткізді.
Сондай-ақ, Сауд Арабиясы құрамасы әлем чемпионаты топтық кезеңінің антирекордын тіркеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.