АСТАНА. ҚазАқпарат – Әйгілі футболшы Криштиану Роналду әлем чемпионатында қатарынан екінші ойында негізгі құрам сапында алаңға шыққан жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дәл қазір 1/4 финалында Марокко және Португалия құрамаларының кездесуі өтіп жатыр. Құрамалар жартылай финалға берілетін жолдамаға таласады. Әзірге есеп 0:0.
Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш негізгі құрамда Криштиану Роналдуды шығарған жоқ. Оның орнына Гонсалу Рамушқа сенім білдірді.
Гонсалу Рамуш бұдан бұрын Швейцария құрамасына қарсы кездесуде алғашқы рет негізгі құрамда алаңға шықты. Қарсылас құрама қақпасына хет-трик жасап үлгерді.
Айта кетсек, Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында 2003 жылдан бері 195 кездесуде 118 голдың авторы атанды.
Фото: KIERAN CLEEVES/GETTY IMAGES
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.